«Ш. Есенов атындағы КМТИУ-дің (Yessenov University-дің (бұдан әрі — YU) жетекші құрылымдық бөлімі болып табылатын университет кітапханасы жұмысының негізгі мақсаты: оқу-тәрбие үрдістерін, оқытушы-профессорлар құрамының ғылыми зерттеулерін, қызметкерлер, магистранттар, студенттердің кәсіптік білім алуы үшін сапалы ғылыми еңбектермен, оқулықтармен, мерзімді басылымдармен қажетті ақпарат құжаттарымен қамтамасыз ету.
Кітапхананың миссиясы әрбір пайдаланушыға білім беру, ғылыми және кәсіби қызметіне ықпал ететін ақпараттық ресурстарға сапалы әрі тиімді қол жеткізу, жазылған даналыққа, басқа адамдардың тәжірибесі мен идеяларына жол ашу, университет ұжымы арасында мәдени тәрбие беру, мәдениет, ғылым және заманауи технологиялардың жаршысы болуға ықпал ету болып табылады.