Hannam University делегациясымен кездесу

Yessenov University халықаралық ынтымақтастықты дамыту аясында Корея Республикасы Hannam University делегациясын қабылдады. Кездесу барысында тараптар өз университеттерінің қызмет бағыттарын таныстырып, стратегиялық басымдықтарын талқылады және өзара іс-қимылдың перспективалы бағыттарын айқындады.

Келіссөздер нәтижесінде ықтимал әріптестіктің негізгі салалары ретінде жасанды интеллект, инжиниринг, бизнес және кәсіпкерлік бағыттары белгіленді. Сонымен қатар бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру, академиялық ұтқырлықты дамыту және ғылыми-зерттеу бастамаларын қолдау мәселелері ерекше қызығушылық тудырды.

Hannam University стартаптар мен кәсіпкерліктің қуатты экожүйесіне ие, көптеген ғылыми-зерттеу және қолданбалы жобаларды табысты жүзеге асырып келе жатқан жоғары оқу орны ретінде таныстырылды.

Тараптар әріптестікті одан әрі нығайтуға өзара мүдделілік білдіріп, ынтымақтастықтың нақты форматтары мен механизмдері бойынша диалогты жалғастыруға келісті.