«Интернационалдандыру – бұл жаһандану жағдайындағы қажеттіліктерді қанағаттандыру стратегиясы, сонымен қатар жаһандық әлемге тарту үшін мамандар даярлау тәсілі»

Филип Альтбах, 2010 ж

Халықаралық ынтымақтастық

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

  • Халықаралық офис
  • Ақтау қаласы, 32 ш/а., Есенов университеті,
  • 12 қабат, A12-04 
  • Халықаралық офисінің басшысы:
  •  +7 (7292) 788 788 (260,261)
  •  @yu.edu.kz

Шетелдік серіктестер

Халықаралық жобалар

Шетелдік мамандар

Шетелдік студенттер

Ішкі нормативтік құжаттар

Миссиясы – Халықаралық байланыстар мен әріптестікті дамыту арқылы университетті интернационалдандыруды ілгерілету, оны әлемдік білім беру кеңістігінде позициялау.

Мақсаты – Білім беру және ғылыми-зерттеу қызметінің тиімділігін арттыру, білім беру қызметі сапасының әлемдік стандарттарына сәйкес профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің ұтқырлығын кеңейту.

Университеттің интернационалдандыру стратегиясын дамыту басымдықтары:

№ 1 басымдық «Университеттің сыртқы интернационализациясы»

  • Сыртқы академиялық ұтқырлықты дамыту.
  • Халықаралық білім беру бағдарламалары мен ғылыми жобаларға қатысу.
  • Қонақ лекцияларын, вебинарларды, онлайн-конференцияларды ұйымдастыру.
  • Халықаралық конференциялар мен іс-шараларға қатысу.
  • Халықаралық рейтингтерге қатысу.

№ 2 басымдық «Университеттің ішкі интернационализациясы»

  • Шетелдік студенттер мен шетелдік оқытушыларды тарту.
  • Университеттің топ-менеджері қызметіне шетелдік кадрларды шақыру.
  • Университетте үштілді білім беру бағдарламасын дамыту.
  • Халықаралық конференциялар арқылы ғылыми зерттеулерді интернационализациялау.

№ 3 басымдық «Халықаралық серіктестікті дамыту»

  • Шетелдік ғылыми орталықтармен, институттармен, ұйымдармен серіктестікті дамыту.
  • Әлемдік халықаралық бірлестіктерге, желілерге, консорциумдарға кіру.
Шетелде білім алу
Erasmus+
DAAD
Mevlana
Шетелде білім алу

Шетелде оқыту білім алушыларға элиталық білім алу, басқа білім беру жүйесінде өзін сынау, қосымша білім алу және жаңа кәсіби тәжірибе алу үшін ерекше мүмкіндіктер ашады. Сондай-ақ, білім алушылардың сапалы білім беру бағдарламаларына, сұранысқа ие технологиялар мен ғылыми зерттеулерге қол жеткізуін кеңейтеді. Сайып келгенде, ол маманға өмірде лайықты орын алуға мүмкіндік беретін жоғары зияткерлік капиталы бар бірыңғай білім беру кеңістігін қалыптастыруға жол ашатын кілттердің бірі болып табылады.

Erasmus+

Бағдарламаға өз мамандығы бойынша ғылыми зерттеулермен айналысатын ЖОО-ның екінші және одан жоғары курс студенттері қатыса алады. Тек сіздің университетің Erasmus+ бағдарламасы бойынша келісім жасаған ЖОО-на тағылымдамадан өтуге болады . Erasmus + шеңберінде Сіздің мамандығыңыз бойынша тағылымдама туралы нақты ақпаратты деканаттан, ЖОО-дағы халықаралық кеңседен немесе Erasmus+ бағдарламасының сайтынан анықта.

Сондай-ақ оқу мерзімі сіз университетте игеретін оқу бағдарламасына сәйкес болуы тиіс.

Erasmus+ бағдарламасы бойынша шетелдік ЖОО-да болу 3 айдан (бір академиялық семестр) 12 айға дейін созылады. Бағдарламаны бірнеше рет қолдануға болады: студент ретінде немесе тағылымдамадан өтуші ретінде. Бірақ шетелде бір цикл ішінде болу уақыты бір жылдан аспауы тиіс.

Қабылдаушы ЖОО-да оқу тегін. Бағдарламаға қатысушы шығындарды өтейтін Erasmus+ бағдарламасы бойынша грант ала алады.

DAAD

DAAD (Герман академиялық алмасулар қызметі) — Германияның жоғары оқу орындарын біріктіретін және студенттер мен ғалымдардың халықаралық академиялық алмасуына жәрдемдесетін әлемдегі ең ірі ұйым болып табылады. DAAD студенттер мен ғалымдардың академиялық алмасуын ұйымдастырады және қаржыландырады, Германияда оқу және зерттеу жүргізу мүмкіндіктері туралы хабарлайды, сондай-ақ неміс жоғары оқу орындарының интернационалдығы мен беделін арттыруға ықпал етеді. DAAD қазақстандық студенттерге, жас ғалымдар мен мамандарға, оқытушылар мен ғалымдарға неміс және ағылшын тілдерінде қол жетімді 10-нан астам стипендиялық бағдарлама ұсынады.

Mevlana

«Мевлана» бағдарламасы Есенов Университеті мен Түрік серіктес университеттер арасында студенттер және оқытушылармен алмасуды көздейді және Түрік жоғары білім кеңесі тарапынан жартылай қаржыландыруда негізделген.

Мевлана бағдарламасының шарттары

 – Студент кафедра эдвайзері және факультеттің халықаралық офис координаторының көмегімен университетті таңдау және хаттаманың толтырумен (learning protocol) айналысады.

– Егер әріптес-университеттің сайтында пәндер тізімі болмаса, онда қабылдаушы университетте (факультет) Мевлана бағдарламасының координаторынан сұрастыру қажет.

– Өтініш беруші жатақхананы іздеумен өзі айналысады, бағдарлама немесе университет тұрғын үйге кепілдік бере алмайды. Кей жағдайда Түркия координаторы жатақханада тұру бойынша орын болған жағдайда кеңес бере алады.

– Студенттер мен оқытушылар Түркияда бір айдан астам уақыт тұру үшін виза немесе тұруға рұқсат алу керек.

– Студенттер мен оқытушылар Түркияда халықаралық сақтандыру компаниясының сақтандыру полисін жасату керек. Университет немесе бағдарлама сақтандыруды қамтамасыз етпейді. Сақтандыру Түркияда тұру үшін міндетті түрде қажет.

Неге академиялық ұтқырлық?

Yessenov University білім беру жүйесіне академиялық ұтқырлықты енгізу жас мамандарға өзекті білім алуға және еңбек нарығында сұранысқа ие болуға мүмкіндік береді. Профессор-оқытушылар құрамы үшін бұл ғылыми-зерттеу және педагогикалық өсудің мүмкіндігі. Ал жалпы ЖОО үшін – әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдасу механизмі.

Бүгінгі таңда Yessenov University-нің 70 білім алушысы академиялық ұтқырлық аясында шетелде білім алды.