ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі бос білім беру гранттарына түскен студенттердің тізімін жариялады. Гранттар 4000-нан астам талапкерлерге берілді. Оның ішінде Yessenov University 46 студенті мемлекеттік грант иегері атанды.

6B06103 – «Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету», 6B06102 – «Computer engineering» мамандықтары бойынша грант иегері атанған осы студенттерді: Әділхан Нұрбек Рысбайұлы, Саурғалий Әнуар Асылбекұлы, Құмар Нұрболат Талғатұлы, Мағзам  Рамазан Айсаұлы, Калдибаев Мухаммедали Ахмедович Академиялық жұмыс жөніндегі вице-президент Макулов К.К., «Ғылым және технологиялар» факультетінің деканы Нигметова Г.Н., «Компьютерлік ғылымдар» кафедрасының меңгерушісі Жумадилова М.Б сабақ үстінде құттықтап шықты. Мемлекеттік грант иегерлері университетке алғыстарын білдіріп, өздері үшін бұл жаңа мүмкіндік екендігін атап өтті.

Барша грант иегерлерін шын жүректен құттықтаймыз!

29.09.2023
KEEP READING...

You may also like