3 наурыз күні Yessenov University-де «Білімді жастар – ел болашағы» атты ғылыми семинар өтті.
Қазақ филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторанты Жайлауов Б.С. «IQ Test – қазақ қоғамының зияткерлік әлеуетін өлшейтін ұлттық платформа» тақырыбында баяндама жасап, интеллектуалдық капиталды дамыту елдің инновациялық өркендеуінің негізгі факторы екенін атап өтті.
Семинар аясында кітап оқу мәдениетінің тұлғаның интеллектуалдық дамуына, сыни және ғылыми ойлау қабілетінің қалыптасуына ықпалы да кеңінен сөз болды. Оқу дағдысы мен ғылыми ізденіс арасындағы өзара байланыс нақты мысалдар арқылы түсіндіріліп, жастардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру жолдары ұсынылды.
Ғылыми семинар барысында жастардың зияткерлік әлеуетін арттыру мен ғылыми ойлау мәдениетін қалыптастырудың өзекті мәселелері жан-жақты талқыланды. Интеллектуалдық дамудың негізгі тетіктері ретінде IQ платформасы мен кітап оқу мәдениетінің маңызы ғылыми негізде айқындалды.