Академиялық адалдық лигасы

Академиялық адалдық лигасы

Лига деген не

Академиялық адалдық лигасы – бұл Қазақстан Республикасындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының бірлестігі.

Лиганың миссиясы

– академиялық адалдықтың он негізгі қағидасын алға жылжыту және жүзеге асыру арқылы елдегі білім беру сапасын ілгеріту және дамыту.

Лиганың саясаты

Лига кеңесі Академиялық адалдық стандарттарын әзірлеумен айналысады. Қазіргі уақытта Кеңес: студенттердің оқу нәтижелерін бағалау; Лиганың жалпы критерийлері негізінде зерттеу нәтижелерін жариялау үшін лигамен ұсынылған журналдарды бағалау; жоғары оқу орындарының мониторингі мен скрининг рәсімі және кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру стандарттарды әзірледі. 

Yessenov University

Академиялық адалдық лигасы Қазақстанда 2018 жылы жазда америкалық осы аттас ұйымға ұқсас етіп құрылған. Лиганың құрамына енген жоғары оқу орындары сапалы білім беруге кепілдік береді.

Ұйымның басты қызметі – академиялық адалдықтың негізгі қағидаттары мен стандарттарын жасау. Әрбір жоғары оқу орнының өкілдерінен құрылған ұйымның кеңесі осы уақытқа дейін академиялық адалдықтың он шақты қағидаттары мен стандарттарын жасап шығарды. Аталмыш ұйым жыл сайын оқу үрдісінің ұйымдастырылуына, студенттердің оқу нәтижесіне, сондай-ақ ұйымның құрамына кіретін жоғары оқу орындарының жарық көрген ғылыми жұмыстарының сапасына баға беріп, сол жоғары оқу орны ұйымның стандарттары мен қағидаттарына қаншалықты сәйкес екендігін анықтайды.

Қазақстандық лига мүшелері плагиатқа қарсы халықаралық жүйені қолданады, оның шарты бойынша студенттер мен оқытушылардың жазбаша жұмыстары өз саласында міндетті түрде толық тексеріледі. Егер де сыбайлас жемқорлық фактісі орын алған болса, оның себебі анықталып, жемқорлықты түп-тамырымен жою үшін арнайы шаралар жүргізіледі.

Академиялық адалдықты бұзу шараларына тап болған студенттер мен оқытушылар, ғылыми қызметкерлер ол туралы ұйымның сайтына (https://adaldyq.kz/) жазуына болады. Академиялық адалдық лигасының  құрамына енетін жоғары оқу орнында академиялық адалдық қағидаттарын бұзу жағдайы орын алса, онда ол оқу орны лиганың құрамынан шығарылатын болады.

Есенов университеті 2025 жылдың 25-ші желтоқсанында Қазақстан Республикасы Академиялық адалдық Лигасы ұйымының құрамына қабылданды.

Ұйымның мақсаты – жоғары білім беру жүйесінің сапасын арттыру, плагиатқа жол бермеу және сыбайлас жемқорлықпен күресті нығайту.