2026 жылдың 20 ақпанында Инжиниринг факультетінің білім алушылары арасында «Адал қоғам – жастардан басталады»

әлеуметтік бейнероликтер байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Байқаудың мақсаты – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, анықтау, жолын кесу және оның салдарын түсіндіру арқылы студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру.

Байқауға Инжиниринг факультетінің 4 кафедрасының студенттері қатысып, барлығы 7 бейнеролик ұсынылды. Қатысушылар өз шығармашылық идеялары арқылы адалдық пен әділдік құндылықтарын насихаттады.

I орын – Энергетика кафедрасының студенттері

II орын – Құрылыс инжиниринг кафедрасының студенттері

III орын – Экология және тіршілік қауіпсіздігі кафедрасының студенттері

Геология және мұнайхимиялық инжиниринг кафедрасының студенттері алғыс хатпен марапатталды

Байқау нәтижесінде студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қатысты білім деңгейі артып, белсенділігі мен шығармашылық әлеуеті жоғарылағаны байқалды. Бұл шара жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және адал қоғам құру идеясын нығайтуға өз үлесін қосты.

KEEP READING...

You may also like