Жоба бойынша атқарылған ғылыми – зерттеу жұмыстары

ЖТН АР 26104151 «Мұнай битумдары мен асфальтбетондарды резеңке-полимерлі композиттермен модификациялау технологиясын әзірлеу»

жобасының 2025 жылға күнтізбелік жоспарына сәйкес зерттеу тобының мүшелері «Жаратылыстану ғылымдары» кафедрасының х.ғ.к., қауымдастырылған профессор (доцент), профессоры А.Ч. Бусурманова,  «Геология және мұнайхимиялық инжиниринг» кафедрасының техн.ғ.к., қауымдастырылған профессор (доцент), профессоры А.Ш. Аккенжеева, докторант У.К. Енсегенова ғылыми-тәжірибелермен алмасып, жаңа қондырғылармен, атап айтқанда битумның тозуын зерттеуге арналған RTFOT пешімен тәжірибелер жасау мақсатында 06-09.11.2025ж. аралығында Жану проблемалары институтына (Алматы қ.) іссапарға барды.

Іс сапар аясында полимер қалдықтарының ИҚ-спектрлері алынып, біріншілік және екіншілік полиэтиленнің физика-механикалық қасиеттері анықталды.