
Жоба жетекшісі: Нұрдәулетова Бибайша Ильясқызы
Маңғыстаудағы тарихи топонимдерді зерттеу, осы аймақта қалыптасқан топобейнелерді анықтап, интерпретация жасау, соның негізінде Маңғыстаудың топономастикалық бейнесінің қалыптасу үдерісін қайта құру, тарихи топонимдердің тұрғылықты халықтың жадында ғасырлар бойы консервациялану механизмін айқындау.
Жобаның идеясы тарихи топонимиялық материалдарды топонысандар мен тарихи оқиғалармен өзара сабақтастыру негізінде топобейнелер құрастыру және белгілі тарихи кезеңдерге қатысты ғылыми пікір қалыптастырумен байланысты негізделеді. Біздің зерттеу жұмысымыз картография, тарихи-этимология мен интерпретация арқылы іске асады. Маңғыстау тарихи топонимдерінің қалыптасу тарихы аймақтың тарихи-тілдік, географиялық ерекшеліктерімен, автохонды жұрттың таным-түсінігімен, аймақта шоғырланған тайпалар этногенезімен байланыста қарастырылады.