SKILLS TECHNOLOGY FORESIGHT әдісі негізінде Қазақстан өңірлерінің жаңа кәсіптері мен құзыреттері атластарын әзірлеу

Қытай және өзге де Шығыс елдері дереккөздеріндегі көне түркі топонимдері – қазіргі түркі интеграциясының түп негіздерінің бірі: тарихи-этимологиялық, лингвистикалық көрінісі.

Жоба жетекшісі: Егенисова Алмажай Құлжанқызы

«Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті" КеАҚ;

Ақтау

К. Жубанова атындағы Ақтөбе аймақтық университеті

Ақтөбе

Х.Досмухамедов атындағы Атырау Университеті

Атырау

Жоба мерзімі:

2023-2025 жж.

Қаржыландыру сомасы:

249 929 572 теңге

Жоба мақсаты:

Еңбек нарығын форсайт-болжау әдісін қолдана отырып, мамандарды озық даярлаудың теориялық-әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік негіздерін зерттеу, жаңа кәсіптерге қажеттіліктерді картаға түсіру, білім беру бағдарламаларын әзірлеу және еңбек нарығын озық кадрлық қамтамасыз етудің өңірлік стандарттарын енгізуді ұйымдастырушылық-әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз ету.

Ғылыми жаңалығы:

– жаңа кәсіптердің өңірлік атластары әзірленетін болады;
– өңір үшін өзекті мамандықтардың тізбесі
қалыптастырылады және олар бойынша қажеттіліктер айқындалады;
– кәсіптер мен кәсіптік стандарттар тізілімін өзектендіру бойынша ұсыныстар берілетін болады;
– өңірдің қажеттіліктеріне сәйкес келетін және жаңа кәсіптер бойынша кадрлар даярлау үшін еңбек нарығының жаңа сын-тегеуріндері мен талаптары үшін мамандарды даярлауды қамтамасыз ететін жаңа кәсіптер атласының ұсынымдарын жаңарту және/немесе жаңа, инновациялық білім беру бағдарламаларын енгізу арқылы іске асыруға бағытталған жоғары оқу орындарының карталары әзірленетін болады;
– жаңа кәсіптер бойынша кадрлар даярлау үшін қолданыстағы және/немесе жаңа және/немесе инновациялық білім беру бағдарламалары әзірленетін болады.

Жоба бойынша атқарылған ғылыми - зерттеу жұмыстары

Зерттеу тобы

Жарияланған мақалалар тізімі