6 ақпан күні Yessenov University Педагогика факультетінде «Әділетті және азаматтық қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Әділханов Қ.Н., «Маңғыстау – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ Маңғыстау филиалының директоры Үсіпбаев Д.М., «Саламатты Ел» қоғамдық қорының директоры, Ақтау қалалық Қоғамдық кеңесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытының жетекшісі Есетова Г.Б., сондай-ақ «Маңғыстау – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің үйлестірушісі, «Шуағыңды шаш» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, «Ауыл» партиясының мүшесі Шамшадинова А.А. қатысты.

Дөңгелек үстел барысында қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктері, мемлекеттік қызметтің ерекшеліктері мен оны іске асырудағы ашықтық пен жауапкершілік мәселелері кеңінен талқыланды. Тұрмыстық жемқорлықтың түрлері мен оның қоғамның дамуына тигізетін кері әсері нақты мысалдар арқылы түсіндіріліп, жастар арасында жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Сонымен қатар тұлғалық дамудағы «Толық адам» тұжырымдамасының мәні, әділеттілік, адалдық және азаматтық жауапкершілік қағидаттарымен байланысы қарастырылды.

Кездесу соңында студенттер мен қонақтар еркін пікір алмасу форматында сұрақтар қойып, спикерлерден мазмұнды жауаптар алды.

KEEP READING...

You may also like