Yessenov University Педагогика факультетінде «Қазақстандағы конституциялық реформалардың жаңа кезеңі: азаматтық қоғам мен саяси институттардың рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – елімізде жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформалардың мазмұнын талқылау, олардың мәні мен маңызын түсіндіру, сондай-ақ бұл үдерістегі азаматтық қоғам мен саяси институттардың рөлін айқындау болды.

Кездесуге факультеттің профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары қатысып, құқық үстемдігін қамтамасыз ету, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, ашық диалог пен қоғамдық бақылаудың демократиялық қоғам дамуы үшін маңыздылығы туралы ой-пікір алмасты.

Талқылау барысында қатысушылар азаматтық қоғам институттарының белсенділігі мен мемлекеттік құрылымдардың ашықтығы елдегі демократиялық жаңғырудың, қоғамдық тұрақтылық пен сенімнің маңызды тірегі екеніне назар аударды. Конституциялық реформаларды түсіндіру және талқылау алаңдары жастардың құқықтық санасын арттыруға, азаматтық жауапкершілік пен құқықтық мәдениетті қалыптастыруға ықпал ететіні атап өтілді.

Yessenov University білім беру үдерісімен қатар, студенттердің қоғамдық ой-санасын дамытуға, оларды елдегі саяси-құқықтық өзгерістерді саналы қабылдайтын белсенді азамат ретінде тәрбиелеуге бағытталған осындай іс-шараларды алдағы уақытта да жалғастырмақ.

Leave a Reply

KEEP READING...

You may also like