Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы.

7 наурыз күні Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймагамбетовтың қатысуымен 2020 жылдың «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» марапатының иегерлерін ресми түрде құттықтау үшін онлайн-жиын өтті.

Yessenov University басшылығы және ұжымы еліміз бойынша 150 үздіктің қатарына енген оқытушыларымен мақтанады.

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы-2020» марапатына университетіміздің екі оқытушысы ие болды:

– Лидия Таймуратова, Физика-математика ғылымдарының кандидаты , «Ілгері ғылымдар» кафедрасының меңгерушісі;

– Айгуль Естурлиева, Экономика ғылымдарының кандидаты, «Экономика» кафедрасының доценті.

Жеңімпаздарымызды құттықтай отырып, Сіздерге сәттілік пен одан да көп жеңістер тілейміз!