ЖИТС-ке қарсы күрес

Spread the love

Yessenov University-де «1 Желтоқсан- Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес» күніне орай науқан ұйымдастырылды. 

Аталған шараға университеттің оқытушы-профессорлық құрамы мен студенттері, дәрігер эпидемиолог Жайлиева Гулбану Николаевна және Майланова Алмагул Арыстанбековнамен кездесті. 

Кездесу барысында студенттер темекі, арақ, есірткі, СПИД-тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсініп, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгеріп, зиянды заттардан барынша аулақ болу керектігін түсінді. СПИД ауруының адам өмірі үшін қатерлі, жұқпалы екенін және одан сақтану жолдарын мамандар түсіндірді.