Жазғы Универсиаданың Тоғызқұмалақ ойындары басталды!

Жазғы Универсиаданың Тоғызқұмалақ ойындары басталды!
 
Yessenov University Спорт кешенінің төрінде ұлттық ойынымызға орын берілген.
 
Жарыстар ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Дене шынықтыру және спорт комитеті бекіткен «Тоғызқұмалақ туралы ереже» бойынша өтіп жатыр.
 
Тоғызқұмалақ ойнауға 16 команда келіп, білек сыбанып кірісіп кетті.
 
Есепке жүйрік болуға баулитын ақыл-ой спортының жеңімпаздары апта аяғында анықталады.