Жастар жылы-біздің жыл!

Қазақстандағы жастар жылы аясында «Менеджмент» кафедраcының ұйымдастыруымен «Арман» коворкинг орталығында «Тәуелсіз елдің көшбасшылары» атты тақырыпта Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығы мамандарымен студенттерінің кездесуі өткізілді. Жастар ресурстық орталығының мамандары студенттерге орталықтың жұмысы, жобалары және жоспарларымен бөлісті.
Кездесу мақсаты – студенттерді жерін, халқын сүюге, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.