Ғылыми кеңес отырысы өтті

1-қазан күні Yessenov University бас ғимаратының Мәжіліс залында университеттің  «Ғылыми кеңесі» өтті. Ғылыми кеңесте ректор Берік Ахметов 2018-2019 оқу жылының жұмыс жоспарын талқылады, университет қызметкерлеріне межелі тапсырмалар берді. Мәжіліс кезінде Қабылдау комиссиясысының жұмысын жоғары бағалап  ризашылығын білдірген болатын. Оған қоса университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы алғыс хаттармен марапатталды.