Yessenov University түлектерінің кездесуі.

4 желтоқсан күні Yessenov University түлектері қауымдастығының кезекті кездесуі өтті.

Yessenov University-дің он мыңдаған түлектері Қазақстан экономикасының түрлі салаларында табысты жұмыс істейді, ірі дамушы ұйымдарда, компанияларда, мемлекеттік құрылымдарда жетекші орын алып, табысты кәсіпкерлер болып табылады және Маңғыстау өңірінің саяси, әлеуметтік және мәдени үлестерін қосуда.

Кездесу барысында түлектер табыс тарихтарымен бөлісіп, студенттік өмірлері туралы айтып, бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеуде университетпен ынтымақтастыққа, университеттің толыққанды және жан-жақты дамуына жәрдемдесуге, дарынды студенттерді, жас мамандарды қолдауға, Yessenov University артықшылықтарын насихаттауға, демеушілік көмек көрсетуге, сондай-ақ студенттердің жұмысқа орналасуға көмек көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.

Университеттің жетістіктері — бұл студенттік жылдар мен студенттік достықты біріктіретін түлектерінің жетістіктері.