Yessenov University қабырғасына АҚШ-тан Фулбрайт бағдарламасы бойынша үш маман келді.

Yessenov University қабырғасына АҚШ-тан Фулбрайт бағдарламасы бойынша үш маман келді. Олардың бірі Вест-Вирджиния штатынан бір жылға келген Майкл Лейзорек Yessenov College English conversation club үйірмесін бастады. 

Жергілікті Mangystau.tv арнасының Coffee break бағдарламасында Майкл алдағы уақытта қазақ тілін үйренуді жоспарлайтындығын және Ақтаудан өзге де қалаларына саяхаттағысы келетіндігін айтты. Қазақ еліне келгендегі алғашқы әсерімен бөлісті.