Yessenov University мен С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университет арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

7 ақпан күні Yessenov University басшылығы жоспарланған іс-сапарын С. Аманжолов атындағы  Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінде жалғастырды. Университеттің ректоры Төлеген Мұхтар қонақтарды университеттің ғылыми-зерттеу зертханаларымен, жетістіктерімен және тарихымен таныстырды. Кездесу барысында педагогика мамандықтары бойынша халықаралық ғылыми жобаларды жүзеге асыру аясында тәжірибе алмасты.

Yessenov University ректоры Берік Ахметов бүгінгі күні еліміздің жоғары оқу орындары бір-бірімен бәсекеге түспей, күштерін біріктіріп, шетелдік деңгейдегі университеттермен халықаралық деңгейде бәсекеге түсуі тиіс екендігіен баяндады.

Кездесу барысында ЖОО арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.