Назарбаев зияткерлік мектебінің басшылығымен кездесу

1 ақпан күні Ақтау қаласының «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы әкімшілігі Yessenov University басшылығымен кездесуі өтті. Кездесу барысында, университеттің басшылары оқушылардың әр түрлі бағыттағы жетістіктерімен, жаңалықтарымен, Зияткерлік мектептердің жүйесімен, үздік білім беру және әлеуметтік жобалармен танысты. Сондай-ақ, Ақтау қаласының «Назарбаев Зияткерлік мектептері» басшылығы мектеп ғимаратында Кампус тур және презентация өткізді.

Мектеп әкімшілігі және университет басшылығы 2016 жылғы екіжақты меморандум аясында атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды.