Тіл-достықтың мерейі

9 қыркүйек күні Yessenov University-дің «Туризм және тілдер» факультетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының ұйымдастыруымен 5 қыркүйек – Қазақстан  халқының тілдер күніне арналған  “Тіл-достықтың мерейі” тақырыбында  онлайн іс-шара өткізілді. 

Мерекелік іс-шараға облыстық ҚХА өкілдері, университет оқытушылары мен студенттері қатысты. Іс-шара барысында әртүрлі  ұлт өкілдерінің студенттері  Абай Құнанбаевтың өлеңдерін өз тілдерінде жатқа оқып, тақырып бойынша жүргізілген сауалнамаға белсене қатысты.