ТҮРКІ ЕЛІНЕ МƏШҺҮР ТҰЛҒА – БЕКЕТ АТА

Yessenov University Пір Бекет Ата Мырзағұлұлының 270 жылдығына арналған «ТҮРКІ ЕЛІНЕ МƏШҺҮР ТҰЛҒА – БЕКЕТ АТА» атты халықаралық ғылыми-тəжірибелік online-конференциясын өткізеді.

Конференцияның пленарлық отырысына Қазақстанның: Нұр-Сұлтан, Алматы, Түркістан, Атырау, Ақтөбе, Ақтау қалаларынан жəне Түркияның Стамбұл, Өзбекстанның Хиуа қалаларынан ғалымдар қатысып, баяндама оқиды.
Сондай-ақ «Бекет Ата танымындағы Адам мен Ғалам концепциясы», «Бекет Ата жəне қазақтың көркемдік-эстетикалық танымы» бағыттары бойынша секция жұмыстары жалғасады. Оған еліміздің əр өңірінен ынта білдіруші ғалымдар мен Yessenov University профессор-оқытушылары, ғылыми қызметкерлері қатысады.
Конференция Zoom платформасы арқылы онлайн форматта өтеді. Facebook желісінде университет парақшасынан тікелей эфирде ұсынылады.
Өтетін уақыты: 28 қазан күні сағат 10:00-де.