Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудағы отбасы рөлі

Бүгін 12 ші сәуір күні Yessenov University-де “Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы  мәдениетін қалыптастырудағы отбасы рөлі” тақырыбында білім алушы жастармен кездесу өтті. 

Кездесуге Маңғыстау облысының ақпараттық ағарту штабының мүшесі, “Парасат” ұйымының президиум мүшесі Аллаберген Қонарбаев қатысып, қазіргі таңдағы қоғамда өршіп  тұрған басты мәселе сыбайлас жемқорлықпен күресуде отбасы тәрбиесінің маңызды екені туралы сөз өрбітіп, жастарға өзінің ақыл-кеңесін берді. Шараға қатысқан білім алушы жастар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.