Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ іс

18 қазан күні Yessenov University қабырғасында қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік, адалдық, парасаттылық мәдениетін қалыптастыру мақсатында, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ іс» атты жастар слеті өтті.

Екі күнге жалғасатынын слеттің бірінші күні студенттер өздері құрған 5 адамнан тұратын тобымен таныстырды. Жоспар бойынша екінші күні таныстырылған 6 топтың командалық жұмыстары және марапаттау рәсімі мен жабылу салтанаты өтеді.