«Ана тілім – асыл қазынам» атты поэзия кеші

Ана тілімізді дәріптеу, ұлықтау мақсатында 25-қыркүйек күні Yessenov University «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1-курс студенттерінің қатысуымен «Ана тілім – асыл қазынам» атты поэзия кеші өтті. Кеште көркемсөз оқу шеберлері ана тілімізге арнаған ақындардың және өз туындыларын нақышына келтіре оқыды. Тілімізге деген ілтипатты, ізеттілікті студенттердің сахналық қойылымдарынан байқадық. Кеш соңы «Атамекен» әнімен аяқталды.