Сенің капиталыңа қарай қадамдар

24 ақпан күні жылы сағат 11.00-де Yessenov University-де «Бизнес және құқық» факультеті студенттерінің CEO бизнес-тренері, коуч-спикер, PhD Әсел Нұрғожинамен “Сенің капиталыңа қарай қадамдар” тақырыбында кездесуі ұйымдастырылды. 

Семинардың негізгі тақырыбы студенттерді қаржылық сыйымдылық, қаржылық құралдарымен таныстыру, атап айтқанда, жеке қаржылық жоспарды қалыптастыру, пандемия жағдайында портфельдік инвестициялардың басымдықтарын айқындау болды. Бұл семинардың форматы болашақ қаржы талдаушыларының кәсіби дағдыларын өзектендіруге бағытталған.