Спорт секциялары

Дене шынықтыру мен спорт университет тарихында жеке тұлғаның қалыптасуында және дамуында, әлеуметтік-белсенді жастарды тәрбиелеуде, жалпы адамдық құндылықтарды меңгеру мен салауатты өмір салтын қалыптастыруда әрқашан маңызды рөл атқарған.

Осы орайда,  университетте салауатты өмір салты дағылары мен дене тәрбиесі мәдениетінің жоғары деңгейін және теріс әсерлерге қарсы тұра алу қабілетін қалыптастыру негізінде спорттың 8 түрі бойынша секциялар жұмыс тегін жұмыс жасайды.

Университетте спорттық үйірмелер тек қызмет көрсетіп, жұмыс жасап қана қоймай, түрлі спорттардан Ректор кубогы жарысы, жатақханалар мен факультеттер арасындағы спартакиада, мерекелік күндерге арналған жеңілатлетикалық кросс, «Университеттің туған күніне» арналған бітірушілер мен студенттер құрамасы арасындағы жарыстар дәстүрге айналды, футболдан студенттер арасында Есенов лигасы, сондай-ақ университетіміздің басты құндылығы ашықтық негізінде, студенттер мен оқытушалар арасында воллейбол, футбол, үстел теннисінен жолдастық кездесулер ұйымдастырып тұрады.