Саяси қуғын-сүргін құрбандары

19 қаңтар күні Yessenov University ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Өмірзақ  Озғанбайұлы Озғанбаев және облыс әкімінің орынбасары Қалмұратова Гүлмира Мұратқызының қатысуымен “Саяси қуғын-сүргін құрбандары” атты іс-шара өткізді.

Тарихи танымдық кездесу барысында саяси қуғынға ұшыраған зиялы қауымды ақтап алу мақсатында қазіргі таңда атқарылып жатырған және келешекте атқарылатын жұмыстар талқыланды. “Тарих” кафедрасының профессор-оқытушы құрамының ұсынысы бойынша университет тарапынан да зерттеу тобы құрылатын болды.