“Рухани жаңғыру” аясында лекция

17-ші қыркүйек күні Yessenov University «Базалық» факультетінің “Ақпараттық жүйелер”, “Электр энергетикасы” мамандығының 1-курс студенттеріне «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының доценті, т.ғ.к. Л. Буянова «Болашаққа бағдар – Рухани жаңғыру: қоғамдық сананың жаңғыруы» атты дәріс жүргізген болатын.Оқытушы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың мақаласының негізігі ережелерімен таныстырып, бағдарламаның қоғамдық сананың жаңғыруына бағытталатынын көрсетті. Бағдарламалық мақаланың негізгі мақсаты – рухани, мәдени байлығымызды сақтау және одан әрі жаңғырту. «Рухани жаңғыру» – қазіргі мәселелерді шешудің жаңа тәсілі. Болашаққа бағдар – бұл қоғамдық сананың жаңғыруы. Елбасының бағдарламасында жаңа буын жастарға еліміздің дамуына үлкен үлес қосатынына сенім білдіреді. Лекция барысында студенттер маңызды сұрақтар қойып, бағдарламаны талқылады.