Yessenov University басшылығы Қазақcтан-Британ Техникалық Университетінде іс-сапарын жалғастырды

9 ақпан күні Yessenov University басшылығы жоспарланған іс-сапарын Қазақcтан-Британ Техникалық Университетінде жалғастырды. Университеттің теңіз жаттықтыру орталығындағы жаңа технологияларымен танысып, пікір алмасты. Одан әрі, нанотехнология зертханасындағы отандық өндірістегі «екі жақты күн батареяларын өндіру» технологиясы және зерттеу жұмыстарымен таныса отырып, аталмыш сала ғалымдарымен ой бөлісті. Сонымен қатар бизнес-мектеп саласын дамытуда Қазақcтан-Британ Техникалық Университетіндегі шетелден тартылған ғалымдар және Bloomberg компаниясының эксперттерімен сұхбаттасып, олардың мұнай және газ саласындағы әлемдік ақпараттарын басқару және талдауларымен танысты. Ақпараттық технология саласындағы зертханаларында болып, оның ішінде «Виртуалды шынайылық жобаларын жасақтау» технологиясындағы жетістіктерімен ой бөлісті және де  мультимедиа орталығының озық технологиялары бойынша тәжірибе алмасты. Кездесуді қорытындылай келе, екі университет өзара ынтымақтасу түйіндерін анықтап, әрі қарай тәжірибе алмасу, академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша жұмыс жасау, тағылымдамадан өткізу және т.б. бағыттарда ынтымақтастықты қолдайтынын білдірді.