Марат Себасовпен кездесу

11 қараша күні «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан журналистер одағының мүшесі, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Себасов Маратпен TED Talks форматында кездесу өткізілді.  

 

Шараға университет оқытушылары мен студенттері қатысты. 

 

Кездесу барысында М.Себасов қазіргі заманға сай білім алу, сыни ойлау мәселелері жөнінде ұтқыр ойларымен, шығармашылық ізденістерімен бөлісті. Сұхбат еркін форматта өткізіліп, сапалы кері байланыс жасалынып отырды. Студенттер өздерін толғандырған сауалдарына нақты жауаптар алды.