«АТАЛАР АМАНАТЫ» КІТАБЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ.

Бүгін Yessenov University-де жазушы Базарбай қажы Әбдірахмановтың «Аталар аманаты» атты тарихи-танымдық кітабының таныстырылымы өтті.

Іс-шараға университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы, тарихшы, әдебиеттанушы, өлкетанушы ғалымдар мен қаламгерлер, жалпы оқырмандар қатысты.

Автордың бұған дейінгі кітаптары мен жаңа жинағы туралы Саламат Нұр және өзге де қонақтардың баяндамалары оқылып, пікірлер айтылды.