Ректордың дәстүрлі кездесуі

Yessenov University бас ғимаратының Мәжіліс залында университет ректоры Берік Ахметовтың студенттермен дәстүрлі кездесуі өтті. Кездесудің бірінші бөлімінде университет ректоры оқу орнының алдағы стратегиясымен таныстырды, екінші бөлімінде студенттер белсенділік танытып, қызықты сұрақтарын қойды және өз ұсыныстарын ортаға салды. Кездесу соңында ректор өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, студенттерге сәттілік тіледі.