ҚР Президентінің жолдауын талқылау

2 қыркүйек күні Yessenov University Студенттік істер және қоғаммен байланыс жөніндегі вице-президент Ержан Тайбағарұлы университет декандарымен ел Президенті Қ.К. Тоқаевтың 1-қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты жолдауын алдағы уақытта ПОҚ, қызметкерлер мен студенттерге жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында қандай іс-шаралар ұйымдастырылатындығы жөнінде талқылады. 

Сондай-ақ, дөңгелек үстел барысында жолдауда айтылған білім жөніндегі экономиканы көтеру туралы бағыттар кеңінен қаралды.