Қоғамдық қабылдау бөлмесі

Yessenov University бас ғимаратының 1-қабатында жаңа форматтағы қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс жасайды. Бүгін қабылдауды Студенттік істер және қоғаммен байланыс жөніндегі вице-президент Е. Т. Маханбет өткізіп, студенттердің ұсыныстары мен мәселелерін тыңдады. 

Білім алушыларды, қызметкерлерді, ата-аналарды алаңдататын мәселелерді жылдам шешу, университетті дамытуда олардың пікірін, идеяларын және ұсыныстарын ескеру үшін құрылған қоғамдық қабылдауға осы күнге дейін біршама өтініш түсіп оң шешімін тапты.