Қайырымдылық акциясы.

📌1 маусым күні Yessenov University “Computer engineering” білім беру бағдарламасының профессорлық-оқытушы құрамы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп Балаларды қорғау күніне орай қайырымдылық акциясын өткізді.

Акция аясында Ақтау қаласының көпбалалы отбасыларына 100 мың теңге шамасындағы сомаға азық-түлік корзиналары және балаларға ойыншықтар тарту етілді.

Қаражат жинауға “Computer engineering” және “Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету” білім беру бағдарламаларының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері атсалысты.