Президент Теңіз академиясымен танысты

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысындағы іс-сапары барысында Yessenov University-не келді. Мемлекет басшысын университет ректоры Берік Ахметов қарсы алып, оқу орнының құрылымымен және стратегиялық даму жоспарымен таныстырды.
Баяндамадан соң Президентке Теңіз академиясы көрсетілді. Академия директоры Болат Сарсенбаев Мемлекет басшысына Норвегиялық Kongsberg компаниясының кеме жүргізушілерді және кеме механиктерін оқытуға арналған жоғары технологиялық тренажерларымен таныстырды.