Педагогикалық қайта даярлау курстары

Spread the love

YESSENOV UNIVERSITY-ң Үздіксіз білім беру институты барлық ниет білдірушілерді келесі білім беру бағдарламалары бойынша ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚАЙТА ДАЯРЛАУ курстарынан өтуге шақырады:

✓ 6В01501-Математика

✓ 6В01502-Физика

✓ 6В01503-Информатика

✓ 6В01504-Химия

✓ 6В01505-Биология

✓ 6В01601-Тарих

✓ 6В01701-Қазақ тілі және әдебиеті

✓ 6В01703-Орыс тілі және әдебиеті

✓ 6В01705-Шет тілі: екі шет тілі

Курстар педагогикалық білімі жоқ, тиісті бейіні бойынша педагогтің кәсіби қызметіне алғаш рет кірісетін кәсіптік білімі бар адамдар үшін өткізіледі.

Қайта даярлауды оқыту жоғары білім деңгейлерінде тиісті білім бейінінің жаңа біліктілігін алуды қамтамасыз етеді. Оқу процесі таңдалған білім беру бағдарламасына тікелей байланысты пәндерді зерделеуді қамтиды.

Кадрларды қайта даярлау курстарын табысты аяқтағаннан кейін түлектер мемлекеттік үлгідегі сертификаттарға ие болады.

Құжаттар 2022 жылдың 06 қаңтарына дейін қабылданады.