«Оқытушы-зерттеуші» біліктілік санатын беруге арналған Байқау

Құрметті әріптестер!
Сіздерді «Оқытушы-зерттеуші» біліктілік санатын беруге арналған Байқауға қатысуға шақырамыз!
 
Байқауға қатысу үшін үміткерлер ғылыми-зерттеу бағдарламасын (орындау мерзімі көрсетілген) және 2017-2022 аралығындағы ғылыми жарияланымдарды ұсынады. Іріктеу критерийлері қоса берілген.
 
Қатысуға өтініш (өтініш түрінде) 10.09.2022 жылға дейін (қоса алғанда) aliya.janissenova@yu.edu.kz электронды поштасына жіберілуі керек.
 
Байқау күні мен уақыты қосымша хабарланады.