Марапаттар

Каспий кәсіпкерлік орталығы Triple E Awards марапатында «Innovation and collaboration space of the year» номинациясы бойынша Toп -5 енді

Каспий кәсіпкерлік орталығы халықаралық Triple E Awards Entrepreneurship and Engagement Excellence Awards (жоғары білім беру саласындағы Кәсіпкерлік және үздік жетістіктер) марапатына қатысып, Азия-Тынық мұхиты аймағындағы 30дан аса елдің 200-ден астам ЖОО қатысқан байқауда «Жылдың инновациялық және ынтымақтастық кеңістігі» номинациясы бойынша үздік 5 финалистерінің қатарына енді, Triple E Awards Марапаты барлығы 12 номинация бойынша өтуде.

Аталмыш марапатты штаб-пәтері Амстердамда (Нидерланды) орналасқан Университеттегі Кәсіпкерлікті және бірегейлікті аккредиттеу жөніндегі Кеңес (ACEEU) ұйымдастырады, Кеңес (ACEEU) кәсіпкерліктің сапасын және оның жоғары білімге қатысуын қамтамасыз ететін әлемдегі жетекші ұйым болып табылады.

Triple E Awards Марапаты – университеттің жоғары білім саласында Кәсіпкерлікті зерттеудегі күш-жігерін әлемдік мойындауы. Бұл университет миссиясының әртүрлі аспектілеріне арналған алғашқы марапат болып табылады.

Triple E Awards марапаты университеттердегі өзгерістерге қолдау көрсетуге және олардың қоғамдастықтар мен экожүйелердегі рөлін атап өтуге бағытталған.

Triple E Awards