Маңғыстаудағы сокралды мәтіндердің концептуалды кеңістігі

Yessenov University ҚР білім және ғылым министрлігінің 2020-2022 жылдарға арналған ғылыми гранты аясында іссапардың бірі Әзербайжанның Баку қаласында өткізілді. 

Ғылыми жоба тақырыбы: «Маңғыстаудағы сокралды мәтіндердің концептуалды кеңістігі». Жобаның жетекшісі филология ғылымдарының докторы, профессор Нұрдаулетова Бибайша Ілиясқызы. Биыл ғылыми жоба аяқталатын соңғы үшінші жылы. Ғылыми жоба аясында бірнеше экспедициялар бірнеше шетелдік іссапарлар жоспарланған. Сол іссапардың бірі Әзербайжанның Баку қаласы. 

Ғылыми жобаның мақсаты Маңғыстаудың сокралды мәтіндерді басқа да халықтардың сокралды мәтіндерімен салыстыру. Мысалы Маңғыстауда оғыз таңбалары, эфитафиялар бар соны түрік, әзірбайжан, өзбек, басқа да халықтардың тарихымен салыстыру. Қазір экспедиция Баку қаласынан 120 км жердегі бірнеше таңбалы тастарға барды. Эпитафияларды, таңбаларды зерттеді.