Мұражайға экскурсия

Yessenov University “Тарих” мамандығы студенттері “Қазақстан тарихы ” кафедрасының ұйымдастырумен Маңғыстау өлкесінің тарихи-мәдени ерекшеліктерінің өткені және қазіргі жағдайларымен танысу және үйрену мақсатында тарих ғалымдарының кандидаты, доцент С.С. Бекешовтың жетекшілігімен Маңғыстау Мемлекеттік тарихи-мәдени қорығында экспедицияда болып, қорық қызметкерлерімен сұхбаттасты, студенттер қызықты мәліметтер алумен қатар өздерінің осы бағыттағы ой-өрісін кеңейтті.