Конвенциялық даярлау

Yessenov University Теңіз академиясының студенттері теңізшілерді конвенциялық даярлау аясында 29.01-10.02 аралығында Ресей Федерациясы, Астрахан қаласы, Теңіз және өзен көлігі институтының Каспий теңіз оқу-жаттығу орталығында халықаралық теңіз ұйымы Конвенциясының талаптарына сәйкес курстардан өтті.

Конвенциялық дайындық келесі курстарды қамтыды: қауіпсіздік мәселелері бойынша бастапқы дайындық және нұсқама (Базалық дайындық), қорғау бойынша дайындық (тағайындалған міндеттері жоқ адамдар үшін), «Мұнай танкерлері мен химтасымалдау танкерлерінде жұмыс істеу үшін бастапқы даярлау (A-V/1-1 бөлім,A-V/1-1-1 кесте)», құтқару қайықтары мен салдары бойынша маман даярлау, «Алғашқы көмек көрсету бойынша даярлау (А-VI/4 бөлім, А-VI/4-1 кесте)»