Иран Ислам Республикасының өкілдері YU-ге келді

1 ақпан күні Иран Ислам Республикасының өкілдері Yessenov University-ге келді:
H.Malakooti Far – Ақтау қаласындағы Иран Ислам Республикасының Бас консулы.
A.Jahankhan – Ақтау қаласындағы Иран Ислам Республикасы Бас консулдығының экономикалық мәселелер жөніндегі сарапшысы.
H.G.Mohammadimofrad – Ақтау "Khazar Sea Shipping " АҚ филиалының директоры. M.Naderi Nooraini – Иран Ислам Республикасы кеме қатынасы компаниясының қаржы және инвестициялар жөніндегі орынбасары.
M.Modarres Khiabani-Иран Ислам Республикасы, IRISL кеме қатынасы желісінің Бас директоры.
D.Abdari Tafti – Каспий теңіз кеме компаниясының бас директоры. 
Сапар мақсаты Маңғыстау облысымен танысу және Yessenov University -мен ынтымақтастық мәселелерін талқылау. Университет қонақтары, бірқатар аудиторияларды аралап, Теңіз академиясының жұмысымен танысты.