ХІІ жазғы Универсиаданың жүзу түрлерінен чемпиондар анықталды!

Ұлдар командасы бойынша:

     

  • I орын – Satbayev University;
  • II орын – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;
  • III орын – Халықаралық туризм және меймандостық университеті.

 

Қыздар командасы бойынша:

     

  • I орын – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;
  • II орын – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;
  • III орын – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті.

 

Жарысқа қатысушылар Yessenov Sport Club кешеніндегі бассейінде 50 метрді еркін және баттерфляй әдісінде, ал 100 метрді брасс және шалқалап жүзу әдісімен жүзіп шықты.

Ақтау Универсиадасының үздіктері Қытайдың Чэнду қаласында өтетін XXXII Дүниежүзілік Универсиадаға және ІІ Түркі Универсиадасына жолдама алады.