Erasmus+

30 наурыз күні Erasmus+ бағдарламасы аясында “Унивеситеттер мен кәсіпорындар ынтымақтастығы негізінде Каспий аймағын дамытуға арналған практикалық мекеме бойынша пилоттық курстар” (PICASP) халықаралық жобасы бойынша Yessenov University мен University of International Business арасында онлайн-кездесу өтті. Жобаның негізгі мақсаты Шағын және орта бизнес кәсіпкерлігі мен менеджменті жөнінде оқытудың инновациялық әдістерін ЖОО-ларда әзірлеу арқылы университеттер мен кәсіпорындар арасындағы ынтымақтастықты нығайту болып табылады.

Бұл кездесуде қазақстандық серіктес жоғары оқу орындарына жүктелген жұмыс пакеті – Quality Plan байланысты мәселелер талқыланды. Аталған жұмыс пакеті бойынша 8-9 сәуірде доктор Massimo Bianchi-дің қатысуымен Еуропалық серіктестермен кездесу тағайындалды.