Жалау Мыңбаев мемлекет және қоғам қайраткері

11 наурыз күні Yessenov University-де «Жалау Мыңбаев мемлекет және қоғам қайраткері» атты ғылыми семинар өтті. 

Ғылыми семинарға Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Байпақов Әбілхайыр Жаңайұлы, Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Әбдіқадіров Бауыржан Асқарұлы, Маңғыстау облыстық кітапханасының өлкетану бөлімінің меңгерушісі Қазбаева Тәттігүл Күйкентаевна қонақ ретінде шақырылды. 

Семинар соңында Киікбай Мыңбайұлы келген қонақтарға және баяндамашыларға факультет ұстаздары мен студенттері атынан алғыс айтты.