Жақсыбек Кулекеевпен кездесу

18 қыркүйек күні   Yessenov University-де Кулекеев Жақсыбек Абдрахметұлымен кездесу өтті. Кездесуге университетіміздің студенттері, қызметкерлері және профессорлық оқытушылар құрамы қатысты. Жақсыбек Абдрахметұлы өзінің өмірлік жолы жөнінде қысқаша баяндап, студенттер қойған сұрақтарға жауап берді. Студенттерге өмірде жетістікке жету үшін аянбай еңбек ету керектігін айтты. Кездесу соңында келген қонақ студенттермен  естелік суретке түсті.