Yessenov University ғылыми-техникалық жобасы грант иеленді

Yessenov University ғылыми-техникалық жобасы грант иеленді

Yessenov University профессор м.а., PhD Самал Сырлыбекқызының жетекшілігімен 2022-2024 жылдардағы ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурста «Жылу сорғысы негізінде күн-жылу тұщыландыру қондырғысын әзірлеу» жобасы ҰҒК кеңес отырысының шешімімен 66 млн. теңге көлемінде қаржыға мақұлданды.

Жобаның идеясы Қазақстанның Каспий маңы өңірінің шалғай елді мекендері үшін таза су өндіруге жылу сорғылы күн дистилляторы негізінде шағын тұщыландыру қондырғысының прототипін әзірлеу, таза судың өнімділігін тестілеу және жергілікті жағдайлар үшін жылу тұщыландыру қондырғысын қолданудың техникалық-экономикалық негіздемесін жасау.